Қытайдың Сычуань аймағында қатты тау көшкіні жүріп, 90-нан астам адам із-түссіз жоғалып кетті. Табиғи апат сенбі күні таңертең Синьмо ауылына қарасты Маосянь уездінде орын алған. Тау жартастарының астында 50-ге жуық тұрғын үй қалып, халық үйіндінің астында жаншылып қалған. Әзірге тек 25 адамның денесі табылыпты.
«Таңсәрі мезгілі болатын, мен үйде едім. Үйден шығып, жазық жерге барып сонда 5 сағаттай болдым. Өте қатты гүрсілдеген дауыс естілді»,- деді Көрші ауылдың тұрғыны, Лян ЮЙБАЙ.
Қазір қазу жұмыстарына ауыр техникалар жұмылдырылған. Алайда, жоғалып кеткен адамдардың жақындары жағымды жаңалық естуден үміттерін үзгенге ұқсайды. Айта кетейік, Сычуань провинциясында 2008 жылы күшті жер сілкінісі болып, 70 мыңға жуық адам қаза тапқан болатын.