Қызылорда облысында қорғаныс департаментінің басшысы қамауға алынды

08.01.2018 16:50

Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен қорғаныс департаментінің басшысы ұсталды. Әскери шендіге  600 мың теңгені қалтасына салды деген айып тағылып отыр. Күдікті өткен жылдың қараша - желтоқсан айлары аралығында қол астындағыларды бопсалап келген. Әскери атақ алып беруден бөлек,  тәртіптік жауапкершіліктен босату және жалпы қамқорлыққа алу үшін 20 мың мен 150 мың теңге аралығында ақша алып отырған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталып, полковник қамауға алынды.