Қызылордадағы «Жылу Электр Орталығында» болған оқиғадан бір адам көз жұмды. Құтқарушылар мұржаны бұзу кезінде үйінде астында қалған жұмысшының мәйітін аршып алған. Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады. Оқыс оқиға мәжілісте қызу талқыланып, апаттан зардап шеккендердің отбасына 500 мың теңгеден берілетін болды. Қаперде болса, Қызылорда қаласында Жылу электр орталығының мұржасы құлап, екі жұмысшы зардап шеккен болатын. Құтқару жұмыстарына 60 адам, оннан астам техника мен екі кинологиялық есептоп жұмылдырылған.
«Қазір ол жерде комиссия жұмыс істеп жатыр. Жергілікті атқарушы орын комиссия шешіміне байланысты тиісті есепті береді. Десек те, Қызылордадағы жылу электр орталығының 10 жыл көлемінде жұмыс істемей келген бөлігі құлап отыр. Менің ойымша оқиға орнында қауіпсіздік техникасы бұзылған. Арнайы комиссия қажетті шешімді шығаратын болады», - деді ҚР ЭНергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВ.