Үлкен Алматы айналмалы жолын салуға 1,5 млрд доллар жұмсалады

06.10.2017 02:39

Инвестициялық форумда қала басшысы Бауыржан Байбек үлкен Алматы айналмалы жолына қанша қаражат жұмсалатынын айтты. Жоба құны 1 жарым млрд доллардан асады екен. Салынар болса, қаладағы көлік саны 60 мыңға азаймақ. Бұл - кептелістен арылудың тиімді жолы. Сондай-ақ шаһар әкімі соңғы 10 жылда Алматыда 30 жолайрығы салынды, деді. Басымдық - қоғамдық көліктерге беріледі. Қазір қаладағы автобустарға бөлінген жолдың қашықтығы 100 шақырымға жуықтайды. Ал келер жылдың ортасында Алматыда электроавтобустар құрастыратын зауыт ашылады. Олар неміс технологиясымен жұмыс істейді. Осы күні қаладағы қоғамдық көліктердің 60 пайызы қуат көзімен және газбен жүреді.                              


¤«2020 жылға дейін қуат көзімен және газбен жүретін қоғамдық көліктердің үлесі 70 пайызға жетеді. Жыл соңына дейін Алматыдағы автобус парктерінің үштен бірі толықтай жаңарады. Ақылы көлік тұрақтары мен айыппұлдан түскен қаражаттың барлығы қоғамдық көліктерді дамытуға жұмсалады», - деді  Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.