ҰҚК мен ІІМ ауқымды арнайы операция өткізді

18.05.2017 16:26

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Ішкі істер министрлігімен бірігіп ауқымды арнайы операция өткізді. Нәтижесінде Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында мұнай және мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен сатпақ болған қылмыстық топтың ізі кесілді. Жедел-тергеу тобы әзірге 8 адамды ұстаған. Оның қатарында Қызылорда қаласының көлік прокуроры Нұрлан Серікпаевтың да бар екендігі анықталды. Операция Қызылорда облысы аумағында басталған болатын. Арнайы іс-шара барысында 21 мекемеге тінту жүргізді. Оның ішінде Қызылорда қаласындағы «КАИС-сервис» асфальт өндіру зауыты, Тараздағы «Қарамай Ойл» мұнай құю терминалы бар. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.