Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінен 10 тапаншаны ұрлаған күдікті ұсталды. Шекарашылардың қаруын қолды қылған ұры сырттан келмепті. Әскерлердің белінде жүруі тиіс қаруды академияның жүргізушісі ұрлапты. Жедел-тергеу тобы күдіктінің үйінен жоғалған тапаншалар тапқан.
«ҰҚК Шекара қызметінде 10 тапанша ұрланған болатын. Осы факті барысында жедел-тергеу тобы күдіктіні ұстады. Ол академияның жүргізуші қызметін атқарған. Оның тұрғылықты мекен-жайын тексеру барысында жоғалған барлық тапанша табылды», - деді ҚР ІІМ Департамент директоры Алмас САДУБАЕВ.