Ұлттық банк Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Ұлттық банк Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық банк Халық банкі мен Qazkom арасында келіссөздердің басталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы бас банктің баспасөз қызметі хабарлады. Бас банкирдің орынбасары Олег Смоляков "Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық салымшылары мен борышкерлерінің мүддесін қорғау қамтамасыз етілген. Сол себепті, банктердің бизнесін дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін", - деді. Сондай-ақ, Ұлттық банк өкілдері шоғырлану процесіне қатысатын әрбір банк миноритарийлерінің құқықтарын сақтау бойынша және қаржы институттары міндеттемелерінің орындалуын қадағалауға дайын екендіктерін айтты.

«Халық банкімен келісім шартын іске асыру үшін шарттармен танысу қажет.  Қорытындыны жасамас бұрын барлық  құжаттарды егжей-тегжейлі қарастыру ұсынылған, сонын ішінде ең басты кедиторлардың мүдделерінің қорғалуы. Ұлттық банк әрине мониторинг жүргізуді жалғастыруда»,- деді ҚР ҰБ қадағалау департаменті директорының орынбасары, Ануар ІЗБАСАРОВ.







Новости партнеров