Үкіметте тағы да ауыс-түйіс. Елбасы бұйрығымен ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев қызметінен кетті. Ведомствоны енді 38 жастағы Тимур Сүлейменов басқаратын болады. Ол 2010 жылы Экономика және сауда вице-министрі болып тағайындалып, аталған орында 5 жыл еңбек еткен. Тимур Сүлейменов «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мэриленд университетінде білім алған. Ал, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың әзірге қандай қызметке ауысқаны белгісіз. Бүгін, сондай-ақ, еліміздің сырты істер министрі болған Ерлан Ыдырысов та өз орнын босатты. Жаңа орынтақ Қайрат Әбдірахмановқа бұйырған. Ол әр жылдары бірнеше елде еліміздің төтенше және өкілетті елшісі болып жұмыс істеген. Қайрат Әбдірахманов осыған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты төрағасы қызметін атқарған еді.