Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды

13.07.2017 16:40

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды. Бұл туралы ведомство өкілдері мәлімдеді. Хабарламада, Нартай Дүтбаевқа қатысты қылмыстық істің тергелуі аяқталды және 2017 жылдың 4 шілдесінен Ақмола гарнизонының әскери сотының қарауында жатыр - делінген. Сондай-ақ, бұрынғы басшыға қатысты материалдарда мемлекеттік құпиялар бар екені айтылған. Нартай Дүтбаевтың ұсталғаны туралы 2016 жылдың 28 желтоқсанында белгілі болған еді. Айта кетейік, Нартай Дүтбаев, Нұрлан Хасенов және Ерлан Нұртаевқа Мемлекеттік құпияны жария ету және Билік пен қызметтік өкілдігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр.