Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр

14.07.2017 19:01

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, мемлекет басшысы комитеттің жұмыс барысында қаза тапқан қызметкерлерінің әйелдері мен балаларына қолдау көрсетуді тапсырды. Елбасы бастарын күн сайын қатерге тігетін қызметкерлер еңбегін ерекше бағалайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, президент еліміздің тұрақтылығы мен бейбітшілігін сақтау жолында қыршын қиылған комитет қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекеге ТМД елдерінің арнайы қызмет өкілдері қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары басшыларына қазақстандық әріптестерімен етене әрі жемісті әрекеттестігі үшін алғыс білдірді. Өйткені, көрші елдердің арасындағы өзара түсінісу мен сенім өте маңызды.

Осыған орай, мемлекет басшысы комитеттің жұмыс барысында қаза тапқан қызметкерлерінің әйелдері мен балаларына қолдау көрсетуді тапсырды. Елбасы бастарын күн сайын қатерге тігетін қызметкерлер еңбегін ерекше бағалайтындығын жеткізді. Сондай-ақ, президент еліміздің тұрақтылығы мен бейбітшілігін сақтау жолында қыршын қиылған комитет қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекеге ТМД елдерінің арнайы қызмет өкілдері қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары басшыларына қазақстандық әріптестерімен етене әрі жемісті әрекеттестігі үшін алғыс білдірді. Өйткені, көрші елдердің арасындағы өзара түсінісу мен сенім өте маңызды.