Әбілязовтың әккі әрекеттері тағы да әшкере болды

04.05.2017 16:21

Мұхтар Әбілязовтың әккі әрекеттері тағы да әшкере болды. Бұл жолы тергеушілер оның 340 млн долларды жымқырғанын анықтапты. «БТА» банкінің бұрынғы қызметкерлері Мәскеу облысынан жер телімін алу үшін бөлінген әлгі сомманы Әбілязов қалтасына басты деп отыр. Ол бөлген несие түбінде қайтарылмай қалған. Ал, көзделген аумақтардың ешбірі банк меншігіне өтпепті.