Әкем театрдың сахнасында «Ұлы мен ұры» атты спектакль қойылды

Әкем театрдың сахнасында  «Ұлы мен ұры» атты спектакль қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әкем театрдың сахнасында  жағымпазданудың дәурені мен отбасылық мәселелерді көтерген «Ұлы мен ұры» атты спектакль қойылды. Туынды белгілі жазушы, драматург Төлен Әбдіковтікі екен. Ал оны сахнаға шығарған режиссер, Қазақстанның халық артисі Есмұқан Обаев. Сахналық көріністе Кеңес Үкіметі кезіндегі келеңсіздіктер жайлы айтылып, әке мен баланың диалогымен аяқталады. Мұндағы ұлы - ардагер-жазушы,  ал ұры - қу құлқынның қамы үшін жұрттың мүлкіне қол салып жүрген әйтеуір бір бейбақ. Сондай-ақ көріністе шенділерге жағымпаздану мен құлдық санадан арыла алмаған адамдар жайлы еш бүкпесіз айтылады. Жастардың осындай «бармақ басты көз қыстыдан» қашық жүрсін деген бастамамен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі оларға сахналанған көрініс арқылы саналарына сіңіруді жөн көрген.

«Осы қойылымда бала мен әкенің арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу көріністері де көрсетілген. Азамттық бақылау жұмыстың арқасында жастарға 275 билет тегін берілді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алматы қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Елнар ИГІЛІКОВ.


Новости партнеров