Өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған азаматтың ісін алқабилер қарамақ

Өз әйелін аяусыз пышақтап тастаған азаматтың ісін алқабилер қарамақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәріхана ішінде әйелін айуандықпен өлтірген Азамат Құлымбетовтың ісін енді алқабилер қарайды. Бұл туралы Қарасай аудандық сотында мәлім болды. Қазір жантүршігерлік істі қайта тыңдау үшін сот алқабилері таңдалып жатыр. Үміткерлер сотталмаған, психо-неврологиялық орталықта есепте тұрмаған әрі 65 жастан аспаған болуы тиіс. Сондай-ақ, олардың құқық қорғау органдарында және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істемеуі қажет. Бастысы, айыпталушы мен жәбірленушілерге де туыстығы болмауы шарт. Естеріңізге сала кетсек, биыл ақпан айында Азамат Құлымбетов жұбайы Жанар Насырованы 22 жерінен пышақ салып, өлтірген болатын. Жантүршігерлік қылмыс дәріхана ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Күдіктіге "адамды аса қатыгездікпен өлтірді" деген айып тағылды. Бұған дейін Құлымбетовтың ісі бойынша бірнеше сот отырысы өткен болатын. Енді оның тағдырын, алқабилер шешеді. Жаңа құрамдағы соттың алғашқы тыңдалымы қазан айына белгіленді.


Новости партнеров