Өз елімізде демалған арзан ба?

Өз елімізде демалған арзан ба?
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дүниежүзілік экономикалық форумы ұйымының зерттеуі бойынша Қазақстан аталған саланы қарқынды дамытушы 136 мемлекеттің арасында 81-ші орынға жайғасқан. Деректерге сенер болсақ Қазақ жеріне жылына 4,5 миллион шет елдік турист ат басын бұрады. Олардың арқасында қазынаға бір жылда 1,5 миллион доллар пайда түскен көрінеді. Бірақ, «ішкі туризм әлі де болса бір қалыпқа келмей жатыр» - дейді мамандар. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Алакөлде демалу Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктеріне барғаннан да қымбатқа түседі» - деп ағынан жарылды бүгін. Министр, ішкі туризм саласында алтернатива мен ұсыныс жоқ деді. Шектеулі ресурс - удай бағаға себеп екен. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Жалпы ішкі туризм қалай дамуда? Бұл сұрақты туризм маманына тікелей эфирде қойғанды жөн көрдік. Дәл қазір студиямен байланысқа «Туризм орталығының» маманы Айсұлу Мағзимбаева шығып отыр. Айсұлу, қазіргі таңда өз елімізде демалған арзанға түседі ме әлде шет елге жолдама алған тиімді ме? Салыстырмалы түрде айтып берсеңіз.

Қазіргі таңда Қазақстан мен шетелдік туризмді салыстыра алмаймыз. Себебі, өзінің ерекшеліктері бар. Біздің Қазақстандық туризм соңғы кезде өте қарқынмен дамып келе жатыр. Бюджеттік жағынан алып қарайтын болсақ, әрине екі жақ теңбе-тең түсіп жататын жағдайлар өте көп кездесіп жатады. Бұл жағынан енді туристардың өзінің таңдауына өте жоғары үлесін атқарады. Себебі, көп жағдайда Қазақстандық тұрғындар көбінесе шетелге барып демалғанды жөн санайды. Бұның бір себебі біздің қазақстанның туризмі енді ғана аяқ алып келе жатқандықтан әсем жерлерімізді көп жағдайда білмей жататын кездер көп болады. 

Елімізде қай бағыттар сұранысқа ие?

Қазіргі таңда еліміздің жазғы уақытында өте сұранысқа көп түсіп жататын ол – Алакөл болып табылады. Суы да шипалы болғандықтан көп жағдайларда отбасылық демалыс орны болып саналады. Және де каспи маңы да өте сұранысқа ие болып жатыр. Ал емдік шипалығы жағынан келетін болсақ қазіргі таңда бізге Сарыағаш сауықтыру орталығына сұраныстар өте көп. Ал бұл біздің қазақстандық тұрғындардың таңдауы, ал шетелдік тұрғындарды алатын болсақ. Шетелдік турситер негізгі мегаполисымызға келіп тоқталады. Ол Астана және Алматы болып саналады. Астананың тұрғындары көбінесе туристар Көкшетаудағы Бурабайға барғанды жөн санайды. Ал Алматылық мегаполистің туристері біздің осы әсем тауларымызды көп жағдайда таңдап жатады және де көл жағынан келетін болсақ Қапшағай көлі де сұранысқа ие. 

Айсұлу жауабыңызға және байланысқа шыққаныңызға рахмет. Ал біз хабарымызды одан әрі жалғастырамыз.  


Новости партнеров