Достарын жыланмен қорқытпақ болған жігіт тіл тартпай кетті - видео

20.11.2018 14:55

Үндістанда достарын қорқытпақ болған жас жігіт, өкінішке қарай, өмірімен қош айтысты, деп жазады Daily Mail.

24 жастағы Чи Джагадиш жыланның иесінен кобрамен суретке түсуге рұқсат сұрайды. Үйретуші жыланды баппен иығына іледі, Джагадиш болса өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын қаперіне алмастан, мәз болып күліп тұр.

Жігіттің достары бәрін видеоға түсіріп тұрады. Кадрларда жылан иесі кобраны Джагадиштің иығына ілген бойда, ол жолдастарына қарай жүгіре жөнелген. Ақыры соңында жылан жігітті тістеп алыпты. Бірақ видеода жігіттердің Джагадиштен қашып бара жатқаны ғана түсірілген.

Жігітті тез арада ауруханаға жатқызғанымен, дәрігерлер өміріне араша түсе алмады.

Ал жылан үйретуші жыланның тісі мен уын алып тастағанмын деп отыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Дерек көзі: sputniknews.kz