Қарағанды облысында 2 жасар Бекнұр Дәріқұл 10 күннен бері із-түзсіз жоқ, деп хабарлайды sn.kz.
Баланы ерікті түрде іздеп жатқандар оның суға батып кеткеніне сенбейді. Себебі, су арнасы оның үйінен 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Небәрі 2 жасар бала әрі кетсе 50 метр жүрген соң шаршап қалады деген олар сәбиді әлдекімдер ұрлап кеткен деп күдіктенеді.
Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтып отыр.