Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» 6-орын алды

26.11.2018 14:13

Көрермендер мен әділқазылардың дауыс беру қорытындысы бойынша халықаралық конкурстың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Он екі жастағы әнші Данэлия Төлешова «Балалар Евровидениесінде» «Өзіңе сен» әнін орындап, алтыншы орын алды. Қазақстан бұл вокалдық конкурсқа алғаш рет қатысып отыр.

Бір де бір әділқазы мүшесі Қазақстанға ең жоғары балл (12) қоймады. Есесіне көрермендердің дауыс беруінде Данэлия 103 балл жинап, нәтижесінде, 171 балмен алтыншы орынға тұрақтады.

Жеңіске Польша жетті — 215 балл, екінші орында Франция — 203 балл, үшінші орын әділқазылардың үздігі атанған — Австралии, 201 балл.

Ресей – 122 балмен 10-орында. «Балалар Евровидениесін» өткізіп отырған Беларусь – 114 балмен 11-орында.

Атап өтсек, Беларусь астанасында 16-шы «Балалар Евровидениесі» байқауы өтті. Конкурстың он бес жылдық тарихында ең көп жеңіске жеткен Грузия қатысушылары – 3 рет, сонымен бірге бұл ел балл саны бойынша рекордтық нәтиже көрсетіпті  — 239. Беларусь, Ресей және Мальта қатысушылары екі-екіден жеңімпаз атанған.