The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль Альварестің (50-1-2, 34 КО) ықтимал үшінші жекпе-жегі өтуі мүмкін қалаларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Меніңше, Нью-Йорк үшінші айқасты қабылдау құқығы үшін таласа алады. Дегенмен, Лас-Вегас бұл кездесуді де қабылдағысы келсе, оның ұсынысынан өзге қалалар асып түсе алмайды», - деп жазды Фишер өз бағанында.
Еске салайық, GGG «Канело» арасындағы бірінші және екінші айқастар Лас-Вегастағы T-Mobile кешенінде өтті. Екі жекпе-жекте де боксшылардың ешқайсысы айқын басымдықпен жеңіске жете алмады. Алғашқысы - тең нәтижемен, реванш - төрешілер дауысымен «Канелоның» пайдасына аяқталды.