Дүркіретіп той өткізген жас жұбайлар бір сағаттан соң көз жұмды

06.11.2018 14:29

АҚШ-тың Техас штатында жас жұбайлар неке қию рәсімінен соң бір сағаттан кейін тікұшақ апатынан көз жұмды. Бұл туралы жергілікті ABC13 телеарнасы хабарлады.

Әуе апаты Техастың оңтүстігінде болды, күйеу мен қалыңдық отбасылық фермада үйлену тойын тойлаған. Салтанатты рәсімнен кейін олар ұшаққа отырып, Ювальда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 миль қашықтықта апатқа ұшырады. Жастар мен ұшқыш көз жұмды.

Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңес тікұшақтың апатқа ұшырау себебін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын АҚШ-та тіркемелер тұрағына тікұшақ құлаған болатын. Екі адам көз жұмып, біреуі зардап шекті.

Бұған дейін Ауғанстан әуе күштерінің тікұшағы елдің батысындағы Фарах провинциясында құлады. Бортта әскери шенеуніктер мен провинция кеңесінің мүшелерін қосқанда, кем дегенде 20 адам болған.