|
10.01.2019 | 09:30
1873

Қарағандыдағы қанды оқиға: қашып жүрген күдікті ұсталды

Қарағандыдағы қанды оқиға: қашып жүрген күдікті ұсталды

Жаппай төбелес 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні «Древний Рим» мейрамханасында болған еді

Қарағандыда жас жігіттің өлімімен аяқталған төбелеске қатысы бар күдікті Нарек Гурурян ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Армения азаматы Омбы облысының аумағында ұсталған.

«Бүгін Қазақстан ІІМ криминалды полиция қызметкерлері Ресейдің құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, Омбы облысының аумағында Қарағандыда жасалған бұзақылық пен адам өліміне күдікті Армения азаматы Нарек Гурурянды ұстады», — делінген ІІМ баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бүкіл елді шулатқан оқиға 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні таңғы төрттер шамасында Қарағандыдағы «Древний Рим» мейрамханасында болды.

Мейрамханаға Жаңа жылды қарсы алуға келгендер мен персонал арасында жанжал шығып, соңы жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан төрт адам пышақ жарақатын алды, бір жас жігіт көз жұмды.

Полиция бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде 8 адамды ұстап, қамады. Күдіктілердің бірі Армения азаматы Нарек Гурурянға халықаралық іздеу жарияланды. Ол 1 қаңтар күні кешкі 22.00-ден кейін Павлодар облысындағы бекет арқылы Ресей аумағына өтіп кеткен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир