Ақтауда дүкендердің бірінде ер адам мен әйел өлі табылды

20.12.2018 14:30

Ақтауда дүкендердің бірінде пышақ жарақатын алған ер мен әйелдің денелері табылды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

«Лада» Басылым дереккөзінің мәліметінше, 28-ықшамауданда дүкен ғимаратын жалға алған отбасылық жұптың мәйіттері табылған. Болжам бойынша 16 қыркүйек күні дүкен жабылған сәтте, ер адам әйеліне 20-дан аса пышақ ұрып, артынша өзіне қол жұмсаған.

Полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Шамамен 10:45-те 102 кезекші пультіне «Гүлнар» дүкенінде мәйіттердің табылғаны хабарланды. Ер мен әйелдің денесінен пышақ жарақатын салынғаны анықталды. Осы дерекке қатысты Ақтау Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Кісі өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.