Жамбылда 16 жастағы қыз жоғалып кетті

08.11.2018 14:30

Жамбыл полициясы із-түзсіз жоғалып кеткен 16 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облыстық Полиция департаментіне қарасты қылмыстық полиция басқармасы 2002 жылы туған А. есімді Қордай ауданының тумасына іздеу салады. Ол 27 қыркүйек күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бүгінге күнге дейін табылмай отыр. Белгілері: бойы - 160-165 см, арық та, толық та емес, орташа, шашы қысқа, қара. Маусымға қарай киінген», - делінген полиция хабарламасында.

Полициядағылар қыздың психикалық дертке (шизофрения) шалдыққанын атап өтті.

«А-ның қайда екенін білетін жан болса, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе мына телефондар арқылы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің қылмыстық полиция басқармасына хабарласуын өтінеміз! Тел: 8 (7262) 99-71-21, 8 (7262) 99-71-49, 8 (7262) 99-71-86 немесе 102», - дейді Жамбыл ОПД ҚПБ өкілдері.