Қазгидроме республиканың бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дабылды ескерту жариялады.
Дабылды ескерту Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында жарияланды.
«Алдағы демалыс және мейрам күндері еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және оңтүстік-батысындағы өзендерде сең жүріп, өзен арнасының тарылуынан су деңгейі көтерілуі мүмкін», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, еліміздің шығыс және оңтүстік-шығысында ауа температурасының көтерілуіне байланысты жазық жерде қар еруі мүмкін.
Бұдан бөлек, 14 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласында кей жерлерде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласында кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, тұман түседі, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.