Үйде қараусыз қалған: Қарағандыда 4 жасар бала дәріге уланып қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағандыда дәріден уланып қалған төрт жасар бала облыстық клиникалық балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Nur.kz.
Бала қараусыз қалған. Үйдегі үлкендер басқа бөлмеде болыпты.
«Бала дәріні жұтып қойған. Қайта дер кезінде балалар ауруханасына жеткізілді», – дейді медициналық жедел жәрдем дәрігері.
Дәрігерлер баланың асқазанын тазалап, оны уланудан құтқарып қалды.
«Бұл кездейсоқ жағдайға үлкендердің баланы қараусыз қалдырғаны себеп болып отыр. Дәріні балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек. Мұны барлығы білгенімен, селқос қарайды», – дейді балалар ауруханасының дәрігерлері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10