«Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының» стансасы 16 қазанда 8 сағат 10 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.9. MPV тербелісі - 5.6. Эпицентр координаты 44.40° с.ш. 82.27° в.д. Тереңдігі - 10 шақырым. Алматы облысының Шәлкөде, Кетмен, Нарынқол елді мекендерінде 2 балдық жер дүмпулері сезілді.