Ақтөбеде 20 жастағы қыз жаңа туған баласынан бас тартты

29.10.2018 14:34

Ақтөбеде 20 жастағы қыз туған сәбиінен бас тартты. Шақалақ қалалық «Үміт» балалар үйіне берілген, деп хабарлайды Nur.kz.

Қазіргі уақытта «Үміт» балалар үйінде 5 жасқа дейінгі 50 бала тәрбиеленіп жатыр.

«Жақында ғана бізге екі сәби жеткізілді. Оның біреуінің анасы өте жас. Қыз сәбиінен перзентханада бас тартқан. Ал екінші сәбидің анасы 30 жаста. Ол психологиялық аурумен ауыратын болғандықтан баласын бізге өткізген», – дейді «Үміт» балалар үйінің бас дәрігері Қадырбек Иманбаев.

Балалар үйі директорының айтуынша, бала асырап алғысы келетін ата-аналар көбейіп келеді екен.


Сурет: novynarnia.com