Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Моника Камукенж Камганза Қазақстанға былтыр күнкөріс қамымен келген.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз», - деп қысқа жауап берді Қасымов.
Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық. Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында Моника Қазақстаннан ешқайда кеткісі келмейтінін айтқан еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00