ШҚО-да полицей формасын киген алаяқ әйел ұсталды

02.11.2018 14:35

Шығыс Қазақстан облысында полицей формасын киіп, біреудің үйін жалға беріп жүрген алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Павлодар полицейлері ШҚО-дағы әріптестестерімен бірігіп алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ШҚО-ның 34 жастағы тұрғынын ұстады. Әйел тұрғындарды алдап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүрген», - деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта ұсталған әйел Өскеменнің тергеу изоляторында.

«Осы дерекке қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді полициядағылар. Алаяқ әйелдің біреудің үйін өзі жалға алған болып, расында, сол күні хабарлама беріп, үйді басқа біреулерге ұзақ мерзімге жалға беріп отырған.