Алматыда екі көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті

11.12.2018 14:35

«Шаңырақ-2» шағын ауданында Жанқожа батыр мен Сабыр Рахымов көшелерінің қиылысында екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Куәгерлердің айтуынша, ZAZ Chance автокөлігі Жанқожа батыр көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан, жүргізуші Сабыр Рахымов көшесіне жетпей рөлге ие бола алмай қалған. Көлік қарсы бетке шығып кетіп, Nissan Almero-мен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алты адам –  ZAZ жүргізушісі және Nissan Almero-да отырған бес адам зардап шекті. 

Дәрігерлер бір жолаушыны оқиға орнында тексеріп, үйіне жіберді,  қалған алтауы ауруханаға жеткізілді.