KFC тұтынушысы тауық ішінен жағымсыз нәрсе тапты (фото)

12.12.2018 14:35

Сидней (Аустралия) тұрғыны Сара Палмер KFC түскі асында белгісіз нәрсені тапты, деп хабарлайды tengrinews.kz news.com.au сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

26 жастағы аустралиялық әйел тез тамақтану мейрамханасында тауыққа тапсырыс берген. Олардың бірін жеп бітерде ішінен ми қатпарларына ұқсас нәрсе тапқан.  Қыз болған оқиғаны Facebook әлеуметтік желісіндегі KFC парақшасында жазып қалдырады. Сондай-ақ жағымсыз нәрсенің суретін де жүктейді. Жазба лезде желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, 22 мыңнан астам адам пікір қалдырған.

«Мені қате түсініп қалмаңыздар, мен KFC-ді сүйіп жеймін. Бірақ сол күні құсқым келе жаздады. Дәмді шөптер мен дәмдеуіштердің арасында белгісіз затты көргендегі менің жиіркенгенімді көрсеңіздер. Таныстарым өз көзімен көрмейінше, мені асыра сілтеп жатыр деп ойлаған», - деп жазған Палмер.

KFC-дің тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі өкілі жауап ретінде қызға ми емес, бүйрек түскенін айтады. Компания қызметкері Сарадан тапсырыс туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріп, байланыс телефонын қалдыруды сұрады.


Теги: тауық еті