Алматыда екі студент қаза тапты, деп хабарлайды Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, мерт болғандар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері.
Қазір білімгерлердің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сараптама жасалуда. Оның нәтижесі Полиция департаментіне берілетін болады.
Нақтырақ ақпаратты ведомство кешірек жария ететінін жеткізді.
Дереккөз: sn.kz