Алматыда 22 қазанда таңертең «Жетісу-3» ықшамауданында орналасқан «Магнум» сауда орталығынының маңында өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.
«101» нөміріне өрт шыққаны туралы сағат 06:56-да хабарланды. Бірінші өрт сөндіру қызметкерлері жеті минут ішінде6 сағат 07:03-те бірден оқиға орнына келген.
Екі бутиктің жанып кетуінің әсерінен «Магнум» сауда-саттық орталығының (төбесі) өртке оранғаны анықталды. Онымен қоса, супермаркет ғимаратының оңтүстік қабырғасы да, өртке оранған. Өрт сөндіру қызметкерлері тілсіз жау басқа сауда-саттық бутиктеріне таралып кетуіне жол бермеді.
«Өрт сағат 07:29-да ауыздықталды. Ал өрт сағат 07:38-де түгелдей сөндірілді. Өрт алаңы 70 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өртті сөндіру үшін 56 адам мен сегіз техникалық жабдық қажет болды», делінген хабарламада.