Қазақстандық теле-радиоарналар жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты хабар таратуды тоқтатты, деп хабарлайды теле-радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор – «Қазтелерадио» АҚ.
Ақпаратқа сәйкес, радио және телеарналардың жұмысы бүгін 03.00-ден 17.00-ге дейін тоқтатылады.
«Қазтелерадио» АҚ спутниктік және эфирлік телевизиялық және радиохабар тарату желісінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты телевизиялық және радио сигнал жойылады», — делінген хабарламада.
Осыған байланысты «Қазтелерадио» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.