Әлеуметтік желіні шулатқан алматылық мұғалім жазасын алды

04.10.2018 14:40

Алматыда оқушысына қол көтерген мектеп-интернаттың мұғалімі жұмыстан шығарылды, деп хабарлады InAlmaty.kz.

Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі шәкіртін шапалақпен бір салып жіберген. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кеше жарияланды. Негізінде, мектеп басшылығы роликті 29 қыркүйекте қараған екен.

Белгілі болғандай, 1 қазанда педагог жұмыстан шығарылыпты.

Естеріңізге сала кетсек, 22 қыркүйекте ақтөбелік ұстаз да оқушысын ұрып-соққан еді. Оқиға мектеп әжетханасында болған. Қазір оқу мекемесінде қызметтік тексеріс жүріп жатыр.