«Қалқаманда» метро салу үшін 38 жер телімі қолданыстан алынады

23.10.2018 14:46

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек метро желісін салу үшін жерді және жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп меншіктен шығару жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Электр көлігі үшін Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» ықшамауданындағы жер немесе басқа да жылжымайтын мүлікті мемлекет қажеті үшін мәжбүрлеп меншіктен шығару басталсын», - делінген әкімнің қаулысында.  

Мүлікті меншіктен шығару 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін бекітілді. Меншік иелері Алматы қаласы Алмалы ауданы Төле би көшесі, 155, 514 мекенжайы бойынша қосымша ақпарат ала алады.

Алматы қаласының Жер қатынастары басқармасына меншік иелеріне хабарласып, заңда белгіленген тәртіппен жер телімінің иелеріне өтемақы төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс аяғына жеткенде Алматы қаржы департаментінің балансына беру тапсырылды.