Мінсіз ағасы туған қарындасын ата-анасының көз алдында зорлап келген

03.01.2019 14:46

Англияда 22 жастағы Оливия туған ағасының өзіне 3 жасынан бастап қорлық көрсетіп, зорлап келгенін айтты.

Бойжеткеннің айтуынша, ол ағасы Брендонның зорлығына шыдап келіпті. Тек 12 жасында ғана батылданып, қарсылық танытқан, деп хабарлайды Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Туған ағасы мұндай азғын ойын іске асырып жатқанда ата-анасы үйде болған екен. Алайда, олар сұмдық жайт туралы білмеген. Оливия 18 жасқа толғанда ғана анасына бар шындықты айтып беріпті.

Анасының айтуынша, ол бұл жайт туралы білгенге дейін Брендонды «мінсіз ұл» деп санап келген.

Басылымда аталғандай, бүгінде жас жігіт түрмеде отыр. Отбасы онымен арақатынасын үзген. Тіпті, ол қамаудан босап шыққаннан кейін де араласуға ниетсіз.