Атырауда оқушылар арасындағы төбелес атыспен аяқталды

29.12.2018 14:52

Атырауда оқушылар арасындағы төбелес атыспен аяқталды

Желтоқсанның ортасында қала сыртындағы Ракуша ауылында оқушылар арасында төбелес болды, деп жазады azh.kz. басылымына сілтеме жасап sn.kz.

Төбелес кезінде оқушылардың бірі 14 жастағы жасөспірімді қарумен жарақаттаған. 

«Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – дейді жергілікті полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төбелеске қатысы бар күдіктілер тұтқындалды.