|
29.11.2018 | 09:56
2339

Ақтауда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Ақтауда қоқыстан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Ақтауда қоқыс арасынан жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Арнайы көліктің жүргізушісі Бердәулет Кемалов қаладағы қоқыс контейнерлеріндегі тұрмыстық қалдықтарды әдеттегісінше тиеп, қала сыртына әкеп төгіп жатқан. Ал сәбидің денесін сонда қоқыс сұрыптап жүргендердің бірі тауып алыпты.

«Бөтелке жинайтын келіншектің біреуі тауып алып, полицияға хабар берген. Сосын ертеңіне полицияға барып тапқан жерімді көрсетті», - дейді жүргізуші.

Телеарнаның мәліметінше, полициядағылар осы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

«Бұл дерек «Адам өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Анасы анықталып, сараптама нәтижелері дайын болған соң қылмыстық істің нақты қай бап бойынша қозғалатыны анықталады», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир