14 жастағы бала тікелей эфирде өзіне қол салды

20.12.2018 14:57

Тинейджер есімді жеткіншек соңғы таспасында достарына бәрінен жалыққанын айтқан. Таспа желіде сақталып қалды, деп хабарлайды stan.kz.

14 жастағы баланың денесі Мәскеу қаласының шығысынан табылды. Оның жанында телефоны болған. Телефонда соңғы рет тікелей эфирге шыққаны көрсетіледі.

Бала толыққанды отбасынан шыққан. Әкесі Өзбекстан азаматы. Анасы Ресей азаматшасы. Өзбекстанда туған. Әлеуметтік қызметкерлердің айтуынша, отбасы үнемі Өзбекстан мен Ресей арасында көшіп-қорнып жүрген.

Анасы кассир болып жұмыс істейді. Әкесі Өзбекстанда. Отбасы қарапайым тұрады.

Оқушы көп уақытын компьютерлік ойын ойнап өткізген. 16 желтоқсан күні көшеде қыдырып, алкоголь ішеді. Кейін 16-қабатқа көтеріліп, желіде тікелей эфирге шығады.

Оның тікелей эфирін екі адам қараған. Оның бірі райынан қайтаруға тырысқан. Екіншісі үгіттегендей пікір жазған. Сонысы үшін туыстары мен пікір жазушының арасында дау туды. Эфир үш минутқа ғана созылған. Бірнеше секундтан соң бала мерт болды.