Алматы облысында сәбиін сатпақ болған 20 жастағы бойжеткен сотта жауап берді

05.11.2018 14:57

Алматы облысында жаңа туған сәбиін дәрігерлермен бірлесе сатпақ болған әйел сотта жауап берді, деп хабарлайды stan.kz.

Істе дәрігер мен санитар, сатып алушы да жауап берді. Дәрігер мен санитар, сатып алушы үйқамақта отыр. Олар кәмелетке толмаған баланы сату ісіне қатысты күдіктелуде. Іс жабық түрде өтті.

Оқиға шілде айында болған. Медициналық қызметкерлер жаңа туған сәбиді сатпақ болған жерінен ұсталды. Баланы сату ісіне туған анасының қатысы бар екені анықталды. Баланың әжесінің айтуынша, олар қиын жағдайда болғандықтан, нәрестені жақсы адамдардың қолына тапсырмақ болған. Қазір сәби Балалар үйінде.


Теги: сәби