|
22.01.2018 | 16:47
3179

Медеу ауданында 10 ірі жобалар іске асырылмақ

Медеу ауданында 10 ірі жобалар іске асырылмақ

Биыл Медеу ауданындағы «Халық Аренаның» жанынан 5000 орындық жабық жеңіл атлеттер стадионы салынады. Одан бөлек, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жолаушылар өткелі жөнделіп, үшеуінің құрылысы басталады. Ал, аудандағы 113 нысан мүгедектерге қарай икемделетін болады. Оған қоса, қашықтығы 11 шақырым болатын 6 көшеде құны 970 миллион теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жасалады. Ағымдағы жылы "Оқушылар сарайы", "Мемлекеттік музей" мен "Журналистер" саябағы қайта жөнделмек. 

«Біз былтыр 180 ауланы жөндесек, биыл тағы 100 ауланы жөндеу жоспарымызда бар. 2 миллиард теңгеге. Онымен біз Медеу ауданындағы барлық 512 ауласын ретке келтіреміз. Екінші бір жоба мына «Құлжа» күре жолындағы айналма жолды өздеріңіз білесіздер, Рұсқұлова бойында да Үлкен айналма жолдың құрылысы басталды. Биыл да ол жалғасып, бітіруі тиіс»,-деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир