|
28.02.2017 | 09:40
2020

Алматыда тағы бір оқушыны көлік қағып қаза қылды

Алматыда тағы бір оқушыны көлік қағып қаза қылды

Алматыда тағы бір оқушыны көлік қағып, қаза қылды. Жаяу жүргінші жолынан өтпек болған оқушыны елірген екі көлік қатар таптап өткен. Он жастағы оқушы ауыр жарақаттан жан тәсілім етті. Ал баланы ит екен деп қалдым деген жүргізуші көмек көрсеткеннің орнына қашып кеткен. Бірақ, қашқын күдікті бір жарым сағаттан соң қолға түсті. Жазықсыз жанды жан тәсілім еткен оқиға жайлы келесі бейнематериалда.

Арада апта өтпей осымен екінші  оқушы елірген есерсоқ жүргізушілердің жауапсыздығынан  о дүниеге аттанды. Жаяу жүргіншілер жолынан өтпек болған  10 жастағы ұл баланы  қатар келген екі көлік кезек-кезек қағып өткен. Жол белгілері анық, көліктің тоқтауына кедергі келтірмейтін, арнайы жолақты сызбалардың болғанына қарамастан оқушыны қаққан таксидің жүргізушісі  баланы ит екен деп қалдым дейді. 

«Розыбакиев көшесімен Әл-Фараби даңғылына қарай келе жаттым. Жараков көшесінен өткен соң бір  нарсе ұшып келді. Гурс еткен дауысты естідім. Ит екен деп қалдым»,- деді Күдікті.

Баланы алдымен хонда маркалы машина қақса, екінші рет онымен қатар жарыса келген Сити Такси компаниясының машинасы ұлды  таптап өткен. Сити Такси компаниясының өкілі оқиға орнынан қашып кеткенмен, қашқын бір сағаттан соң қолға түсті. Енді ол қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ауыр жазаға тартылады. 

«Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты бойынша және қашып кету дерегі бойынша. Қашып кеткен Сангиоң маркалы көліктің иесі өзінің субьективті сылтауын айтты. Қазір екі жүргізушіде қамауда»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.  

Соңғы бес күнде осымен екінші  оқушы рульде отырған есерсоқтардың кесірінен ажал құшты. Өткен аптаның ортасында  185 мектептің жанында 7 жастағы Айнар есімді қыз баланы 44 жастағы Кеңшілік Қаниев атты жүргізуші қаза қылған еді. Олда ізін суытқанмен, бір тәуліктен соң тұтқындалды. Ал ішкі істер департаменті биыл қанша оқушының көлікке қағылғанын нақты айтпасада оқиға жылдағыдан 6 пайызға аз деп қана мәлімдеді.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир