Алматы облысында 9 сарбаз полигондағы жарылыстан зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық 9 сарбаз полигондағы анықталмаған заттың жарылуынан зардап шекті. Жойқын жарылыс бүгін алқапты оқу-жаттығуға дайындау алаңында орын алған.
Бұл туралы Еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зардап шеккендердің қазіргі хал-жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ. Тек белгілісі, сержант Ахметов жарылыстан алған жарақатына қарамастан, 3 шақырым жолды камазбен жүріп өтіп, оқиға туралы дер кезінде хабарлап үлгерген.
Аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43