100 жаңа оқулық: "Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс Құдайтану баяны", Карен Армстронг

27.05.2018 14:13

Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың бұл кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша басылымы «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» деп аталды.

Санамыздағы бір Құдайға деген сенім қайдан келіп орнықты? Адамзаттың Жаратушы туралы түсінігі қалай өзгеріп отырды? Жаратушыны әлемдік үш ұлы дін – яхудилік, христиандық пен ислам – қандай сипаттарымен таныды? Бұл үш дін бір-біріне қалай ықпал етті? Автор осы сауалдарға жауап іздеп, тамаша ғылыми зерттеу жасаған: бір кітаптың шеңберінде монотеизмнің тұтас тарихын қамтыған – Ыбырайымнан біздің заманымызға, антикалық философиядан ортағасырдағы мистицизмге, Қайта өрлеу мен реформашылық дәуірдегі рухани ізденістерден қазіргі заманғы скептицизмге дейінгі Жаратушының тану тарихын баян еткен. Яхудилік, христиандық пен исламның өрісі аясында адамзат ақыл-ойының Жаратушы туралы ұғым-түсінігінің даму кезеңдерін көрсеткен. Карен Амстронг – ағылшын ғалымы.


Теги: кітап