«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Ләззат Айтқожина

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Ләззат  Айтқожина
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ләззат Кенжейбайқызы Шығыс Қазақстан өңірінде 1980 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Семейдің медициналық университетіне (бұрын академия болған) 1997 жылы түсіп, 2004 жылы тәмамдаған. Мамандығы – емдеу ісі. 2004 жылы интернатураны аяқтады. Ләззат Кенжебайқызы тәжірибе жинау мақсатында Абай аудандық ауруханасына аттанып, алғашқы еңбек жолын кішігірім ортада бастауды жөн санады.

Ләззат Кенжебайқызы 2012 жылдан бастап 4 жыл бойы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Дауа» бағдарламсын жүргізді. Ол уақытта ешбір арнада қазақша медицина, денсаулық тақырыбын қаузайтын ешқандай бағдарлама болған жоқ. Алғаш болып осы істі қолға алған ұжымның арасында біздің кейіпкеріміз болған еді.

Айтқожина Ләззат ханым репродуктивті медицина саласында қызмет жасайтындықтан үнемі осы саладағы қиындықтарды көзге шұқып, күрделі мәселелерді телеарналарда көтеріп, мемлекет тарапынан бөлінетін квотаның (ЭКО) санын көбейту керектігін алға тартып жүрген маман.

Алматы қаласындағы Репродуктивті медицина институтының құрылғанына биыл 21 жыл толып отыр. Қазақстанды айтпағанда Орта Азия бойынша ең үлкен әрі сапалы қызмет көрсететін орталық екенін айта кеткен абзал. Жылдан-жылға Репродуктивті медицина институтының ЭКО жолымен бала тудыру көрсеткіші жоғарылап отыр. Бұл да ең әуелі осы Ләззат Кенжебайқызы сынды білікті дәрігерлердің арқасы екенін айтып өткен жөн.


Новости партнеров