«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы - Мағжан Сағымбаев

20.05.2018 16:45
Мағжан Талапұлы - велосипедпен Қазақстанның туын көтеріп, 22 елді аралаған алғашқы Қазақстандық азамат.  

Мағжан алғашқы ғылыми экспедицияны Антрактидада басқарған. Ол Алматы Қаласында дүниеге келіп, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ мектебіне барып, 7-11 сыныптарды ерекше дарынды балаларға арналған мектепте оқыды. Аты аңызға айналған саяхатшы революционер Әліби Тонжанұлы Жангелдиннің ұрпағы.

Саяхатқа деген қызығушылығым ерекше еді. Бірінші рет 1991 жылы Геленджик шатқалындағы Қара теңізге бардым. Ал 2013 жылы бірінші  үлкен саяхатыма шығып, автокөлікпен 8 елді (Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Армения, Түркия, Украина, Молдова) араладым.  Қазақстанның туын Антарктиданың Массив Винсон (4892 м) ең биік шыңына ілдік. Arsh Media және KazGeo экспедициясымен бірлесе, 222 километрден асатын оңтүстік полюсіне жеттік. Бұл экспедиция Қазақстанның 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған еді.