Тапаншамен селфи жасамақ болған 13 жастағы қыз бетіне оқ атып жіберді

10.01.2019 15:00

Ресейде 13 жастағы қыз әкесінің тапаншасын алып, «қауіпті» селфи жасамақ болған. Нәтижесінде тапаншаның шүріппесі аңдаусызда басылып кетіп, оқ қыздың бетіне атылды.

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 5 қаңтарда Мәскеу облысында орын алған. Тапаншамен суретке түспек болған қыз аңдаусызда шүріппені басып жіберіпті. Осылайша, оқ қыздың дәл бетіне тиген.

Дәрігерлердің сөзінше, қыздың астыңғы жағы сынып кетіпті.

Зардап шеккен қыздың әкесінің қару сақтауға рұқсаты бар екен. Алайда ол қаруды сақтауда салғырттық танытты деп айыпталып, жауапқа тартылды.