Чемоданнан бойжеткеннің мәйіті табылды

09.01.2019 15:00

Днепр қаласының тұрғындары ескі чемоданнан бойжеткенің мәйітін тауып алды. Ол қоқыс жәшігінің ішінде жатқан, деп хабарлайды sn.kz.

Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері қыздың аты-жөнін анықтай алды. Ол небәрі 19 жастағы Дарья Белоус болып шықты.

Марқұм Харьков облысында туып-өскен. Днепр қаласындағы колледжге оқуға келіпті. Анықталғандай, анасы мен әкесі ата-ана құқығынан айырылған екен.

Соңғы рет Дарья телефонмен 3 қаңтарда сөйлескен. Сол күні Жаңа жыл мерекесін Киевте қарсы алған бойжеткен Днепрге келе жатқанын айтыпты. Келесі күні ұялы телефоны өшіп тұрған.  

Дарьяның Жаңа жыл мерекесін кімдермен өткізгені және ары қарай қайда кеткені туралы ешқандай ақпарат жоқ. Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.