Данэлия Төлешова «Junior Eurovision» халықаралық конкурсына Қазақстан атынан өнер көрсететін болды.
Ол өткен сенбі күні «Халық арена» спорт кешенінде болған іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. «Junior Eurovision» республикалық іріктеу байқауына Қазақстанның әр өңірінен ең талантты деген 10 жас әнші қатысты. 12 жасар Данэлия көрермендер мен төрешілердің шешімімен 25 қарашада Минскте өтетін гранд-финалға жолдама алды. Мұндай байқау еліміздегі жас таланттарды анықтауға септігін тигізеді дейді қазылар алқасы.
«Бұл ұлттық шоудың мақсаты – еліміздегі талантты жасты анықтап, нақтылы бағасын беріп, содан соң Еуропаға байқауға аттандыру. Ол конкурсқа қатысқан баланың көп нәрсені үйреніп оралады», – дейді Қазақстанның халық әртісі Роза РЫМБАЕВА.