Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан 25 жастағы жолаушы қаза тапты

11.10.2018 15:08

10 қазан күні Шығыс Қазақстан облысында жол апаты болып, 25 жастағы жолаушы қаза тапты деп жазады sn.kz.

Сажаевка ауылында жеңіл автокөлік пен ауыр жүк көлігі соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктегі 25 жастағы жолаушы мерт болды.

Куәгерлердің айтуынша, Зерендіге бара жатқан жеңіл автокөлік төменге құлдилай бергенде, қарсы бетке шығып кеткен. Сол кезде оған ауыр автокөлік соғылып, жеңіл машинаны жол жиегіне сүйреп тастаған.

Оқиғаның қалай болғанын полицейлер тексеріп жатыр.